Жалпы мектептік ата-аналар жиналысы
12.11.2025 ж. мектебімізде жалпы мектептік ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа әр сыныптан ата-аналар комитетінің өкілдері қатысып, маңызды мәселелер талқыланды. Кездесу жылы әрі өзара түсіністік атмосферасында өтіп, қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасты. Жиналыстың негізгі тақырыбы — «Отбасылық құндылықтар» болды. Балалардың тәрбиесінде, мінезінің қалыптасуында және оқу жетістіктерінде отбасының рөлі ерекше екені атап өтілді. Сонымен қатар, отбасы мен мектептің өзара ынтымақтастығы