Қазақстан тәуелсіздігіне – 30 жыл. » "№89 жалпы білім беретін мектеп" Коммуналдық Мемлекеттік мектеп Алматы қаласы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№89 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7 (727) 251-28-29
Бухгалтерия:
+7 (727) 251-29-51
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
желтоқсан
2021

Қазақстан тәуелсіздігіне – 30 жыл.

https://www.instagram.com/tv/CXkqgfhlc3m/?utm_=copy_link

Қазақстан тәуелсіздігіне – 30 жыл.

«Тәуелсіздік дәуірі дегеніміз – ұлттың бұрын өтуі мүмкін еместей көрінетін шыңыраудың шетіндегі таудың қатерлі соқпағымен жүргенмен бірдей құбылыс. Алайда біз оны да бағындыра алдық!», – деді Қазақстанның Тұңғыш The presidentі Н.Ә.Назарбаев.

Мемлекеттік егемендік – қазақ халқы ұрпағының шындыққа айналған арманы, ең басты игілік. Тәуелсіз Қазақстанның тарихы – бұл қалыптасу кезеңнің қиындықтарын еңсеріп, өз әлеуетін дұрыс пайдалана білген біртұтас халықтың лайықты да күрделі жолы.

Қазақстандықтардың жасампаз еңбегінің және Қазақстан Республикасының Тұңғыш The presidentі – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың саяси даналығының арқасында қазіргі Қазақстан – қалыптасқан мемлекет, халықаралық беделге ие болған аймақтық көшбасшы. 

«Егемендігіміздің мәңгілік үштағаны – Алтайдан Атырауға, Алатаудан Арқаға дейін кең көсілген байтақ жеріміз, ананың ақ сүтімен бойымызға дарыған қастерлі тіліміз және барлық қиындықтардан халқымызды сүріндірмей алып келе жатқан береке-бірлігіміз. Біз осы үш құндылықты көздің қарашығындай сақтаймыз», – деп атап өтті Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев. 

Қазақстан Республикасының Тұңғыш The presidentі – Елбасы кітапханасы тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған бейнеролик дайындады. 30 секундық бейнероликте тарихи ретроспектива, біртұтас мемлекеттің бүгіні мен ертеңіне деген бағдары бейнеленген. 

@elbasy_nazarbayev

#Тәуелсіздікке30жыл

@almaty_mektepteri @edu.almaty #almaty_mektepteri