Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
 

«Бала еңбегін пайдалануға қарсы 12 күн»

Автор: admin от 3-06-2016, 09:45, посмотрело: 733

0

«Бала еңбегін пайдалануға қарсы 12 күн»

Жыл сайын 2002 жылғы Халықаралық еңбек ұйымымен жарияланған 12 маусым -Бүкіл дүниежүзілік балалар еңбегіне қарсы күрес күні аясында 1-12 маусым аралығында Қазақстанның барлық өңірлерінде «Бала еңбегін пайдалануға қарсы 12 күн» ҰАК-і өткізіледі.

«Халықаралық еңбек ұйымының Конвенциясына сәйкес балалар еңбегі – бұл олардың денсаулығына зиянды болып, білім алуына, дамуына кедергі болатын және келешек өміріне нұқсан келтіретін жұмыс. Балалар еңбегінің ең нашар түрлеріне мәжбүрлі еңбектің барлық формалары: балаларды жөзекшелікпен айналысу үшін, порнографиялық өнім өндіру үшін немесе порнографиялық қойылымдар үшін пайдалану, есірткі заттарды өндіру және сату үшін пайдалану, бұдан басқа да баланың денсаулығына, қауіпсіздігіне және адамгершілігіне зиян келтіруі мүмкін жұмыстары жатады»- деп көрсетілген департаменттің сайтында.

Осыған орай біздің мектебімізде де 2016 жылғы 1 маусымында «Дүниежүзілік балалар еңбегіне қарсы күрес»- күні аясында 1-12 маусым күндері «Балалар еңбегін» пайдалануға қарсы 12 күндік күрес Ұлттық ақпараттық науқаны өткізіліп келеді. Оның мақсаты – барлық елде балалар еңбегінің ең нашар түрлерін жою қозғалысына назар аудару.

– Науқанды ұйымдастырудағы мақсат бала еңбегін заңсыз пайдалануды болдырмау, сонымен бірге адам саудасын, балаларды еңбек қанауына тартудың алдын-алу бойынша оқушылар мен ата-аналар, жұмыс берушілер арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Науқан аясында "Түнгі қаладағы балалар”, "Жасөспірім”, "Көше” атты кең ауқымды шаралар ұйымдастырылды.

Ұлттық ақпараттық компания өткізудің мақсаты: барлық елдерде балалар еңбегіне, әсіресе оның ең нашар түрлеріне тыйым салуда кеңінен өріс алған қозғалыстарға назар аудару болып табылады.

Қазақстанның барлық аймақтарында биыл бұл халықаралық науқан «Адам құқығы мен әлеуметтік әділдік үшін балалар еңбегін жоямыз!» деген ұранмен өтуде. Ол  балалар еңбегінің мәселелері және оның шешу жолдары жайлы ақпаратты тұрғындарға, БАҚ-қа жеткізуге бағытталып отыр.

Дүниежүзілік балалар еңбегіне қарсы күрес күніне орайластырылған бұл шара Оған мемлекеттік органдардың, Халықаралық еңбек ұйымының, республикалық және қалалық үкіметтік емес ұйымдар мен кәсіптік және техникалық білім ұйымдарының өкілдері қатысуда. Ұлттық ақпараттық науқанының 2002 жылдан бастап 12 маусым Дүниежүзілік балалар еңбегіне қарсы күрес күні болып жариялады. Оның мақсаты - барлық елде балалар еңбегінің ең нашар түрлерін жою қозғалысына назар аудару. Оның қорытындысы бойынша өзге елдер сияқты.
<!--[if !supportLineBreakNewLine]-->
<!--[endif]-->

 

 

 

 

 

 

 

Категория: Родителям